Амжск оқуға түсудің артықшылықтары

  1. Қос тарапты оқытуға арналған қаланың ең озық кәсіпорындары

Қос тарапты оқыту дегеніміз не? Қос тарапты оқыту – бұл кәсіптік білім берудің дайындықтың практикалық бөлімі жұмыс орнында, ал теориялық бөлімі – білім беру ұйымының базасында өтетін түрі.

Бұл жүйе маманды бір мезгілде екі бағыт бойынша – теориялық және практикалық бағыттар бойынша дайындауды қарастырады. Білім беру барысында уақыттың 3/1 ол колледжде базалық білімді алатын болса, 3/2 – өндірісте – оқыту кәсіпорнында дағдыларын жетілдіріп, практикалық білімді меңгереді.

Басты мақсат — барлық өндірістегі жұмыс дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлектерді дайындау, техникалық және бейінді білім беру (ТжББ)  жүйесінде ҚТБ қазақстандық үлгісін әзірлеу.

Басқаша айтқанда бірінші күннен бастап жұмысқа кірісе алатын және оны жоғары кәсіби деңгейде орындайтын маманды дайындау болып табылады. Бұдан басқа, қос тарапты білім беру Қазақстанның жұмыс берушілерінің белгілі білімі мен дағдылары бар мамандарға тапсырысын қалыптастыруды қарастырады.

Бүгінгі таңда колледждегі қос тарапты білім беру табысты жүзеге асырылып отыр, себебі осындай типтегі білім беру құрылымдары басынан бастап өндіріске  бағдарланған орта буын мамандарын дайындауды қарастырады.

Бүгінгі таңда АМЖСК білім ала отырып, Сіз келесі кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өте аласыз: Crudo, Del Papa, Korean House, Вечное Небо, Ресторанный Дворик, Parmigiano Group мейрамханалары, Royal Tulip мейрамханасы, Mercedez Benz, Toyota Center, Nissan Auto, Hyundai автоорталықтары, Ғазиза, Vogue сұлулық салондары және елдегі басқа да беделді компаниялар.

  1. Еңбекке орналастыру мүмкіндігі

АМЖСК тәмамдағаннан кейін көп жағдайда біздің түлектер өздері іс-тәжірибеден өткен орынға жұмысқа орналасады. Біздің көптеген студенттеріміз қазір қаланың беделді мейрамханаларында аспаз, қонақ үйлерде менеджерлер, автосалондарда техникалық мамандар т.б. болып еңбек етуде. Біздің серіктестеріміз АМЖСК түлектерін жұмысқа қуана қабылдайды, себебі, біздің колледждің дипломы – сапа кепілдігі екенін біледі.

  1. Икемді төлем жүйесі

Көптеген оқу орындарынан айырмашылығы Алматы менеджмент және сервис колледжінде икемді төлем жүйесі қолданылады. Біз әрбір студентке айрықша көзқараспен қарап, оның жағдайын түсінуге тырысамыз. Біздің колледжде оқу ақысын қомақты соманы бірден төлеместен ай сайын төлеуге болады.

  1. Колледждің әлеуметтік бағыты

Жыл сайын АМЖСК балалар үйінің бірнеше тәрбиеленушілерін оқуға қабылдап, оларды 100% тегін, колледж қаражатына оқытады. Бұдан басқа, біз оларды оқуға қажетті материалдармен, оқу жабдықтарымен қамтамасыз етеміз, оларға толық моральдық көмек көрсетеміз.

Бұдан басқа, АМЖСК дәстүрі үлкендерге ізетті қалыптастыру болып табылады, атап айтқанда, жыл сайын студенттер оқытушыларымен бірге ҰОС ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан ұйымдастырады. Әрбір осындай кездесуде концерт қойылып, мұнда студенттер өз таланттарын көрсетіп, ардагерлерімізге нағыз шоу ұйымдастырады. Сонымен қатар, осындай кездесулер ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтып, студенттердің бойында патриоттық рух пен адамгершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алматы менеджмент және сервис колледжі Бас директоры Р.К.Бадаева тұлғасында бұрынғы фашизмнің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындарына шефтік көмек көрсетеді (Алматы бөлімі). Әр жыл сайын студенттер олармен кездеседі, олар колледжге қайырымдылық дастарханына шақырылады (біз қонақтарға ұсынатын сүйікті тағам – колледждің артқы ауласында студенттердің өз қолымен дайындаған палауы болып табылады), бұрынғы фашизм тұтқындары өздерінің өткені мен өмірінде орын алған ауыр оқиғалары туралы әңгімелейді. АМЖСК ұжымы мүмкіндігіне қарай оларға қолдан келгенше көмек көрсетеді.

  1. Алматы қаласында үш оқу корпусының болуы

Алматы – миллиондаған халқы бар тез қарқынмен дамып келе жатқан қала, көп жағдайда адамдар уақытының көп бөлігін оқу немесе жұмыс орнына бару үшін жолға жұмсайды. Осыған байланысты Алматы менеджмент және сервис колледжі өзінің студенттеріне қаланың үш нүктесінде білім береді. Олар Орбита-2 ықшам ауданында (Бостандық ауданы) орналасқан №1 оқу корпусы, Түріксіб ауданында орналасқан екі оқу корпусы – Төменгі Пятилетка ауданында орналасқан №2 оқу корпусы және 16 әскери қалашықта орналасқан №3 оқу корпусы. Түріксіб ауданында тұратын балаларға қаланың дамып отырған көлік құралымына байланысты қалаға жету әсіресе қиын. Алайда, АМЖСК осы ауданда өз есігін ашқаннан бері, жүздеген ата-аналар жыл сайын жақын жердегі қол жетімді және сапалы білім үшін алғысын білдіруге келеді.

Оқу корпустарының бір-бірінен шалғай орналасқанына қарамастан, оқу стандарттары мен колледж құндылықтары өзгерген жоқ, біз барлық жерде өз студенттерімізге бірдей білім береміз.

  1. Жеке жаттығу залы және   Автомектеп

Дені саудың – жаны сау! АМЖСК өз білім алушыларына қамқорлық көрсетеді және заманауи жастар трендтерін де қадағалайды. Нұрсая к. 56В мекенжайында орналасқан екінші оқу корпусында кең және жарық фитнес залы бар, ол қажетті тренажерлермен жабдықталған. Біздің балаларға қымбат фитнес-клубтарға абонемент алып және сабақтан кейін ешқайда барудың қажеті жоқ, себебі қажетті нәрсенің барлығы жақын жерде.

Сонымен қатар, АМЖСК өзінің жеке автомектебі - АМЖСК Профи бар. Бұл қаладағы барлық санаттар бойынша курсанттар дайындайтын (A, B, C, D, Tb) автомектептердің бірі болып табылады. Біздің колледждің студенттер үшін ерекше жеңілдіктер бар, ешқайда барудың қажеті жоқ, арнайы жабдықталған оқу кластары бар. Сонымен қатар, автомектепте оқуға жеңілдіктер бар. Осылайша, біздің түлектер тек дайын кадрлар ғана емес, жүргізуші куәлігінің иелері болып шығады.

  1. Нарықта 17 жылдан артық

Алматы менеджмент және сервис колледжі 2001 жылдан бастап білім беру қызметтерін көрсетеді. Бастапқыда тек 3 мамандық бойынша және 1 корпуста жұмысын бастаған АМЖСК қаладағы танымал 3 корпусы бар және 8 мамандық бойынша білім беретін оқу орнына айналды. Алматы менеджмент және сервис колледжі өз түлектерінің жұмысқа орналасуына кепілдік береді. Бүгінгі таңда 1000 астам түлек Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында еңбек етеді, тамақтануды ұйымдастыру, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және басқа да салаларда жұмыс жасайды. Колледжде оқытылатын мамандықтардағы жоғары сапалы білім беру және кәсіби кадрлардың тапшылығы - бұл студенттерге жұмысқа орналасу үшін түскен өтініштер жиынтығынан өздерінің жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік береді.  Алматы менеджмент және сервис колледжінің қабырғасында біз өз еліне адал шебер мамандарды даярлаймыз. Барлық ұжымның назарын студенттердің кәсіби және жеке өсуіне, олардың өзін-өзі ақтауына аударады.  Осылайша, әрбір студент тек өмірде өзін табысты жүзеге асыруға ғана емес, сонымен бірге біздің Отанымыздың өркендеуіне және өркендеуіне үлес қосу үшін Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істейтін сүйікті елінің лайықты азаматы бола алады.